
Жыл сайын Қазақстанда 1 қазанда қарттықты құрметтеу, қарттардың еңбегін тану белгісіне, олардың мемлекет дамуына көп қырлы үлесіне құрмет ретінде Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Қазақстандықтардың әрбір жаңа ұрпағы үлкендердің даналығынан, олардың тәжірибесі мен адамгершілік қасиеттерінен тәлім алады. Салтанатты құттықтаулар, грамоталар тапсыру, мерекелік концертті Орталық қызметкерлері өз қамқорлығындағы адамдар үшін ұйымдастырды.