Әлеуметтік – медициналық қызметтер:
- Медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу (қажет болған кезде денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып);
- Дәрігерге дейін көмек көрсету;
- Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;
- Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу;
- Дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
- Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
- Қызмет алушыларға техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдарды және міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету;
- Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес протездік-ортопедиялық және есту-протездік көмек алуына жәрдемдесу;
- Әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша, оның ішінде жасына қарай бейімдеу мәселелері бойынша консультация беру;
- Денсаулыққа байланысты рәсімдерді жүргізу (дәрі-дәрмек қабылдау, дәрі тамшылату және басқа рәсімдер);
- Емдік-дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету;
- Алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық өңдеу жүргізу;
- Қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескере отырып, олардың күтімін қамтамасыз ету;
- Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;
- Санитарлық-гигиеналық қызметтер көрсету (сүрту, жуу, гигиеналықшомылдыру );
- Денсаулық сақтау ұйымдарына емдеуге жатқызуға және ілесіп жүруге жәрдемдесу;
- Емдеу-сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарында ұйымдаемдеу-сауыќтыру іс-шараларын, оныѕ ішінде денсаулыќ саќтау ўйымдарында ўйымдастыру;
- Әлеуметтік-медициналық сипаттағы оңалту іс-шараларын, оның ішінде дәрі-дәрмексіз терапия қызметтерін жүргізу;
- Диспансеризациядан өтуді ұйымдастыру;
- Емдеуші дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық рәсімдерді жүргізу (тері асты және бұлшық етке дәрілік препараттарды жіберу, компресс қою, қайта орау, ойылған жерлерді, жарақат бетін тазалау; тазалау клизмаларын орындау, зертханалық тексеру жүргізуге қажетті материалдарды алу, катетерді және басқа да медициналық бұйымдарды пайдалануға көмек көрсету);
- Медициналық көрсетілімдер мен жас ерекшеліктеріне ќарай «денсаулыќ топтарын» қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру;
- Балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға, қарттар мен мүгедектерге паллиативтік көмек қызметтерін көрсету;
- Балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға психиатриялық, психотерапевтикалық көмек қызметтерін көрсету жатады.