Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер:
- Қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсету.
- Қарттарға кемінде бес шаршы метр жатын бөлмелерін беру;
- Оңалту, емдеу, білім беру, мәдени іс-шараларына, діни рәсімдерді жасауға, емдік еңбек қызметін ұйымдастыруға, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, тұрмыстық бағдарлау негіздеріне үйретуге арналған жићазбен және (немесе) мамандандырылған жабдықтармен жабдықталған орынжай беру;
- Денсаулық жағдайына байланысты жұмыс істеуге болатын мүгедектерге және он сегіз жастан асқан адамдарға арналған жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
- Бөгде адамның көмегіне сүйенбей тұрмыстық мұқтаждықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бейімделген орынжайлар мен айлабұйымдар ұсыну;
- санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұру жағдайларын сақтау жөнінде қызметтер көрсету;
- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген интернат үйлерінде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтықәлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларына сәйкес диеталық тамақтандыруды қоса алғанда, тамақ ұсыну;
- Осы стандартқа 6-қосымшада көзделген көлемнен кем емес жұмсақ мүкәммал беру;
- Тұрмыстыққызметпен қамтамасыз ету (кір жуу, кептіру, үтіктеу, іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау);
- Қалалық телефон байланысы қызметін ұсыну;
- Емдеуге, оңалтуға, оқуға, мәдени және тынығу іс-шараларына қатысу үшін тасымалдау кезінде көлік қызметін ұсыну;
- Хат жазуға және оқуға көмек көрсету;
- Әдеттегі шаштараздарда қызмет көрсету қиын немесе мүмкін болмайтын жағдайларда қызмет алушыларға шаштараз қызметін көрсету;
- Жерлеу қызметін ұйымдастыру (қайтыс болған туыстары (заңды өкілдері) болмаған немесе олар жерлеумен айналысқысы келмеген кезде) жатады.