Печать Печать

Әлеуметтік-құқықтық қызметтер

Әлеуметтік-құқықтық қызметтер:

  1. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек алу құқығымен байланысты мәселелер бойынша заңгерлік консультация беру;
  2. Заңды мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;
  3. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және қызмет алушылардың заңды құқығын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсету;
  4. заңнамада белгіленген жеңілдіктермен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсету және жәрдемдесу;
  5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен жәрдемақыларды, басқа да әлеуметтік төлемдерді сенімхат бойынша алу;
  6. Құқығы мен мүддесін қорєау үшін сотта өкілдікті қамтамасыз ету;
  7. Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу, қамқоршылыққа және қорғаншылыққа алу мәселелері бойынша заңгерлік консультация беру жатады.